Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.12 N 1/1-1/2588 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 1392 санды қатынас-хатына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
1. Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жұматов Оразалы Жұматұлының қызметінен босап, Қазақстан Республикасы Министрінің бірінші орынбасары-штабтар бастықтары комитеті төрағасының 27 тамыз 2009 жылғы N 088 бұйрығымен Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы тағайындалуына байланысты, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 190 қаулысымен (мемлекеттік тіркеу тізілімі N 10-7-70. 10.04.2009 жыл, "Жаңақорған тынысы" газетінің 18 сәуір 2009 жылғы N 31 санында жарияланған) бекітілген аудандық шақыру комиссиясының төрағалығынан Жұматов Оразалы Жұматұлы босатылып, комиссия төрағасы болып Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы (келісімі бойынша) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов
"Келісілді"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Әлімбетов Сабырхан
Қалиханұлы ____________ 23.09.2009 ж.