РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 қаулысына (аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 21 қазанында N 10-8-73 санымен тіркелген, 2008 жылғы 25 қазанда аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің N 86-87 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 қосымшада "1999 жылдың 26 шілдесіне дейін" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға," деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3 қосымшада "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздерден кейін "және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Б. Маншарипов |