Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.12.22 N 532 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20-бабына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу нұсқаулықтары осы қаулының 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
2008 жылғы 19 қыркүйек N 482
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 1 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге
және байланыс қызметтері шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы қағида
1. Осы нұсқаулық Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына, "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға, Ауған соғысына және Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне және жесірлеріне, (әрі қарай өтемақы алушылар) тиісті бюджеттерден коммуналдық және байланыс шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.05.04 N 159 қаулысымен.
2. Әлеуметтік көмек төлемдерін тағайындау және төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлері
3. Әлеуметтік төлем ай сайын (қосымша есепке сәйкес) төмендегі қызмет түрлері бойынша тағайындалады:
1) Электрмен жабдықтау;
1. 1) Жалдамалы көлік
2) Газбен жабдықтау (баллонды газ);
3) Жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын);
4) Қоқыс шығару;
5) Сумен қамтамасыз ету;
6) алынып тасталды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008.12.31 N 686 қаулысымен.
7) Телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалғандарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған азаматтарға).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.05.04 N 159 қаулысымен.
3. Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша ай сайын тағайындалатын әлеуметтік көмектің мөлшері
Әлеуметтік көмектің түрлері |
Жан басына шаққандағы |
Орташа есеппен 1 айға есептелінгені |
Әлеуметтік көмекті көрсету мерзімі |
Электрмен жабдықтау |
1 адам |
50 квт/сағ |
Жыл бойы |
Газбен жабдықтау |
1 адам |
1 баллон |
Жыл бойы |
Жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын) |
1 адам |
0,5 тн қатты отын |
От жағатын қысқы мезгілде |
Ауыз сумен қамтамасыз ету |
1 адам |
Тариф бойынша |
Жыл бойы |
Телефон байланысы |
1 адам |
Тариф бойынша |
Жыл бойы |
4. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
4. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар азамат "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне төмендегідей құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғаны туралы куәлік;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
6) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар.
5. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
6. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасы заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
7. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.
2008 жылғы 19 қыркүйек N 482
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, Кеңес Одағының батыры "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен, "Отан" орденімен наградталған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009.05.15 N 252 қаулысымен.
1. Жалпы қағида
Осы тәртіп жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек алу құқығы бар азаматтар: Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, Кеңес Одағының батыры "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен, "Отан" орденімен наградталған азаматтар.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар азамат, көмекті тағайындау жөніндегі өтінішті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттарды қоса тапсырады:
1) Жеке куәлік (көшірмесі);
2) Зейнеткерлік куәлігі (көшірмесі);
3) Әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар.
Әлеуметтік көмекті тағайындау ішіндегі құжаттар 10 күн мерзім ішінде қаралады.
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде бас тарту себебін түсіндіріп кұжаттарын кері қайтару керек.
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған шешімге заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға наразылық жасауға болады.
4. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық қаржы бөлімі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылы осы мақсаттарға қаралған бюджет есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік төлем аяқталған ай үшін және әлеуметтік төлем алу құқығы пайда болған кезден бастап, әлеуметтік төлем тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі.
Осы Тәртіптің күші бірге тұратын екі және одан да көп адамдарға қолданылатын жағдайда, әлеуметтік төлем олардың әрқайсысына беріледі.
5. Әлеуметтік төлем мөлшері
Әлеуметтік көмектің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
6. Әлеуметтік көмек төлемінің тоқтатылуы
Әлеуметтік көмек тағайындалуға құқығы жоғалса немесе алушы қайтыс болған жағдайда төлемі тоқтатылады.
2008 жылғы 19 қыркүйек N 482
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 3 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009.05.15 N 252 қаулысымен.
1. Жалпы қағида
1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға(әрі қарай өтемақы алушылар) тиісті бюджеттерден шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру (әрі қарай өтемақы) тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға өтемақы ай сайын (қосымша есепке сәйкес) түрлері бойынша тағайындалады:
1) шаштараздар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер;
2) моншалар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер.
3. Қаржыландыру және төлеу
4. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.
4. Жәрдемақы алуды растайтын құжаттар тізбесі:
5. Әлеуметтік төлемді алушының құқығын растайтын құжат Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға тұрақты тұратын жерінен тиісті органдар берген куәліктер, зейнетақы тағайындаған органдар растаған зейнеткерлік куәліктер.
6. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады және екінші деңгейдегі банктер арқылы жасалады.
7. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жайдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
2008 жылғы 19 қыркүйек N 482
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 4 қосымша
Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу
тәртібі "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламаға сәйкес азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті тағайындау мен төлеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы қағида
1. Тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен үйі жойылып үйсіз қалған, республиканың облыстарынан және басқа Республикалардан келген белгілі тұрағы жоқ, ТМД-ның шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайту үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға, темір жол көлігіндегі плацкарт вагонына бір жолғы материалдық көмек көрсетеді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Күтпеген жағдайларға душар болған азаматтардың көмек алуға тапсырған құжаттарын комиссия қарап, бір жолғы көмектің мөлшерін анықтап және көмектің қажет екендігіне шешім шығарады.
3. Комиссия құрамына: төтенше жағдай, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау салаларының және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдері енгізіледі.
4. Комиссия құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
2. Қажетті құжаттар тізімі:
5. Материалдық көмек тағайындауға құқығын растайтын құжаттар болып табылатындар:
1) жеке куәлік;
2) тұрғылықты жерінен жанұясы туралы анықтама;
3) салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
4) жинақ кітапша;
5) комиссия шешімі;
6) күтпеген жағдайға душар болғандығын растайтын құжат (құжаттарсыз қалғандар)
3. Материалдық көмектің төленуі
6. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады және екінші деңгейдегі банктер арқылы жасалады.
7. Құжаттарсыз қалған жағдайда:
1) Тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен үйі жойылып үйсіз қалған азаматтарға төлем, сеніп тапсырылған туысқандары арқылы жүргізіледі.
2) басқа Республикадан келген белгілі тұрағы жоқ, ТМД-ның шиеленіскен жерлерінен қашып келген босқын азаматтарға төлем аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
2008 жылғы 19 қыркүйек N 482
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 5 қосымша
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектері қатарындағы
Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған адамдарға жерлеуге көрсетілетін
қызметке әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы қағида
1. Осы Нұсқаулық соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектері
қатарындағы Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған адамдарға жерлеуге көрсетілетін қызметке әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осындай жағдайлар туындаған кезде азаматтың жанұясына, жанұясы болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастыруды жауапкершілігіне алған адамға әлеуметтік көмекті көрсетеді.
2. Қажетті құжаттар тізбесі:
4. Материалдық көмек тағайындауға қажетті құжаттар болып табылатындар:
1) Азаматтардың хал актілерін жазу мекемесінен қайтыс болуы туралы анықтама (АХАЖ);
2) Орден және медальмен марапатталғаны жайлы құжат, Ұлы Отан
соғысының қатысушысы немесе мүгедегі куәлігі;
3) әлеуметтік көмекті алатын адамның жеке куәлігі;
3. Қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер:
5. Қайтыс болған жағдайда жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтарға әскери сый-сияпат көрсетіліп, тегін жерленеді және қабірінің басына құлпытас қойылады.
4. Материалдық көмектің төленуі
6. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады және екінші деңгейдегі банктер арқылы жасалады.
7. Төлем қайтыс болған күннен бастап бір жыл мерзім ішінде жүргізіледі.