Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес және Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 482 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" қаулысын, Сырдария аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 112 шешімін жүзеге асыру мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерінің мөлшері төмендегідей болып белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, Кеңес Одағының батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен, "Отан" орденімен наградталған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері екі айлық есептік көрсеткіш;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері монша қызметі үшін екі жүз елу теңгеден айына 4 рет, шаштараз қызметі үшін екі жүз елу теңгеден айына 1 рет;
3) Тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен үйі жойылып үйсіз қалған, республиканың облыстарынан және басқа республикалардан келген белгілі тұрағы жоқ, ТМД–ның шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайту үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш;
4) Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге жерлеуге көрсетілетін қызметке бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері қырық айлық есептік көрсеткіш.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Сәрсенбаев