Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 511 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 20 қазанда N 10-8-101 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.01.10 N 13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі Қаулы етеді:
      1. Сырдария аудандық мәслихатына депутат болуға үміткерлер үшін сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар N 150 Айдарлы сайлау учаскесі бойынша N 139 орта мектебінің мәжіліс залы және N 151 Жетікөл сайлау учаскесі бойынша ауылдық клуб болып белгіленсін.
      2. Үміткерлердің үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындар сол ауылдық округі әкімі аппараттарының жанындағы тақта болып белгіленсін.
      3. Айдарлы және Жетікөл ауылдық округінің әкімдері осы қаулымен белгіленген үгіттік баспа материалдары орналастырылатын орындарды стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жабдықтасын.
      4. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               С. Тәуіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады