Қоғалыкөл елді мекенінің белгіленген шекара шегінде жануарлардан жұқпалы бруцеллез ауруы шығуына байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 625 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 25 қаңтарда N 10-8-108 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабына, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі қаулысының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғалыкөл елді мекенінің белгіленген шекара шегінде жануарлардан, соның ішінде ұсақ малдардан жұқпалы бруцеллез ауруының шығуына байланысты ауру ошақтарын жоюға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.
      Ескерту. Қаулының тақырыбына және 1-тармағына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.03.25 N 118 қаулысымен.
      2. Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі аудандық аумақтық инспекциясымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің кіргізілуі мен шығарылуына, жануарлардың диагностикалық зерттеуден түгел өтуіне қатаң бақылау жасап отыру ұсынылсын.
      3. Сырдария аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (П.Өмірәлі, келісім бойынша) ауру малдар анықталған отбасы мүшелерінің түгел медициналық тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б.Мұсағұлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы                 Қ.Сәрсенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "келісілді"
      Аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      ___________________ Марат Наурызбаев
      "___" желтоқсан 2009 ж.

      "келісілді"
      Аудандық аумақтық инспекциясының
      бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
      __________________ Бекзат Мұсағұлов
      "___" желтоқсан 2009 ж.

      "келісілді"
      Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы
      _________________ Перизат Өмірәлі
      "___" желтоқсан 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады