Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына және "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығының 14-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғалыкөл ауылдық округінде жануарлардан жұқпалы бруцеллез ауруы шығуына байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 625 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
Қаулының тақырыбындағы және 1 тармақтағы "Қоғалыкөл ауылдық округінде" деген сөздер "Қоғалыкөл елді мекенінің белгіленген шекара шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
3. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Тәуіпбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринариялық
инспекторы _________________ Бекзат Мұсағұлов