Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгері үшін салық салынатын әрбір объектіге алынатын бір айға салық көлемінің тіркелген салығының ставкасының мөлшерін белгілеу жайлы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 03 наурызда N 10-9-78 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қарашадағы N 51/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 51/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат (кезектен тыс ХІV сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салынатын әрбір объектіге алынатын бір айға салық көлемінің тіркелген салығының ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 ақпандағы "Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкаларының мөлшерін белгілеу жайлы" N 6/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 26 наурызындағы N 10-9-55 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2008 жылғы 19 сәуір айындағы N 34 шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы       Х. Әлтай

      Аудандық мәслихат хатшысы                    С.Қ. Оразымбетов

       Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29 қаңтардағы N 14/5 шешіміне қосымша

Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен     айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салынатын әрбір объектіге алынатын бір айға салық көлемінің тіркелген салығының ставкасының мөлшері  

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Бір айға салық көлемінің тіркелген салығының ставкасының мөлшері
(Айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге  арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

3

Ойын өткізу үшін  пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

15

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады