Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкаларының мөлшерін белгілеу жайлы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 26 наурызда N 10-9-55 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2009.01.29 N 14/5 шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" салық кодексінің 393 бабын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабының 1 тармағының талабына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс VІ сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін. (Қосымша қоса тігілді)
      2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы "Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкаларының мөлшерін белгілеу жайлы" N 28/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-9-39 нөмірмен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 18 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                             Қ. Баймағамбетов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                С.Қ.Оразымбетов

2008 жылғы 26 ақпандағы
N 6/2 шешіміне қосымша

Шиелі ауданының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салынатын әрбір объектіге алынатын жылдық салық көлемінің тіркелген жиынтық салығының ставкасының
МӨЛШЕРІ     

N Р/С

Тіркелген жиынтық салығының салық салу объектісі

Тіркелген жиынтық салығының жылдық көлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш - АЕК)

1. Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарымен қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:     

1

Бір ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына

Бір ойын автоматына

10

2

Бірнеше ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына

Бір ойын автоматына

15

3

Дербес компьютерде жүргізілетін ойындар

Бір дербес компьютерге

10

2. Боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық
төлеушілер үшін:     

1

Ойын жолы

Бір ойын жолы

55

3. Картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:  

1

Карт

Бір картқа

25

4. Бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:  

1

Бильярд үстелі

Бір бильярд үстеліне

30

Қолданыстағы және жобадағы тіркелген жиынтық салығы мөлшерінің кестесі     

Тіркелген салық салу объектісі

Қолданыстағы
Тіркелген жиынтық салығының жылдық көлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-АЕК)

Жаңадан енгізілген Тіркелген жиынтық салығының жылдық көлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-АЕК)

Бір ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына

Бір ойын автоматына-10 айлық есептік көрсеткіш

Бір ойын автоматына-10 айлық есептік көрсеткіш

Бір ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына

Бір ойын автоматына-15 айлық есептік көрсеткіш

Бір ойын автоматына-15 айлық есептік көрсеткіш

Дербес комьютерде жүргізілетін ойындар

Дербес компьютерге-10 айлық есептік көрсеткіш

Дербес компьютерге-10 айлық есептік көрсеткіш

Боулинг (кегельбан)

Бір ойын жолы-55 айлық есептік көрсеткіш

Бір ойын жолы-55 айлық есептік көрсеткіш

Картинг

Бір картқа-25 айлық есептік көрсеткіш

Бір картқа-25 айлық есептік көрсеткіш

Бильярд

Бір бильярд үстеліне-30 айлық есептік көрсеткіш

Бір бильярд үстеліне-30 айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады