Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2010.03.26 N 29/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат (кезектен тыс ХІV сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлемінде орналасқан базарлар мен сауда қатарларында тауарларды сату, (базар аумағындағы дүңгіршіктерді, стационарлық үй жайлардағы оқшауланған блоктардағы сатуларды қоспағанда) қызметтер көрсету және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіп түрлері үшін бір жолғы талон құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 8 қазандағы "Аудан көлемінде орналасқан базарлар мен сауда қатарларында тауарларды сату құқығы үшін алынатын алымның мөлшерін қайта белгілеу туралы" N 11/11 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 11 қарашасында N 10-9-69 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2008 жылғы 26 қараша айындағы N 98-99 шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Х. Әлтай
Аудандық мәслихат хатшысы С.Қ. Оразымбетов
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29 қаңтардағы N 14/4 шешіміне қосымша
Аудан көлемінде орналасқан базарлар мен сауда қатарларында тауарларды сату, (базар аумағындағы дүңгіршіктерді, стационарлық үй жайлардағы оқшауланған блоктардағы сатуларды қоспағанда) қызметтер көрсету және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіп түрлері үшін бір жолғы талон құны
N |
Базарларда жасалатын саудалардың түрі |
Бір жолғы талон құны |
1. Азық-түлік өнімдері |
||
1 |
Жүк автокөліктерінен азық-түлік сату |
600 |
2 |
Жеңіл автокөліктерінен азық-түлік сату |
300 |
3 |
Жүк автокөлігімен қиыршық тас, тау тасын, көмір, топырақ, құм тасу |
300 |
4 |
Көтерме көкөніс өнімдерін сату |
200 |
5 |
Жерден көкөніс өнімдерін сату |
200 |
6 |
Азық-түлік өнімдерін сөреден сату |
140 |
7 |
Сөреден жеміс өнімдерін сату |
120 |
8 |
Жерден күнбағыс сату |
30 |
9 |
Сөреден (талқан, сөк, қауынқақ, қақ, айран, сүт, май) өнімдерін сату |
45 |
10 |
Ет және ет өнімдерін сату |
150 |
11 |
Сөрелерді аралап тамақ шәй сату |
30 |
12 |
Балмұздақ, газдалған сусындар сату |
70 |
13 |
Күріш, ұн өнімдерін қаптап сату |
140 |
14 |
Салат жасап сату |
50 |
15 |
Құс түрлерін бүтіндей сату |
50 |
16 |
Қолдан жасап пирожки самса өнімдерін сату |
20 |
17 |
Елді мекендерде қолдан дайындалған сусындар және бақшалық өнімдерді сату |
20 |
18 |
Нан және кондитерлік өнімдерді сату |
70 |
2. Өндірістік тауарларды сату |
||
1 |
Сөреден өндірістік тауарларды сату |
120 |
2 |
Сөреден кеңсе тауарларын сату |
100 |
3 |
Қымбат бағалы бас киімдерді сату |
100 |
4 |
Телевизор тоңазытқыштарды сату |
100 |
5 |
Кілем палас өнімдерін сату |
150 |
6 |
Маталарды кездемелеп сату |
120 |
7 |
Аудио видео кассеталарды сату жалға беру |
120 |
8 |
Құрылыс материалдарын авто көліктен сату |
300 |
9 |
Құрылыс материалдарын жерден сату |
150 |
10 |
Етік және сағат жөндеушілер |
50 |
11 |
Қол арбамен халыққа қызмет көрсету |
50 |
12 |
Насыбай сату |
20 |
13 |
Күнделікті тұтынатын шеге, топса, т,б заттарды сату |
120 |
14 |
Жүк сақтайтын арнайы орны бар және заттарды тұрақты сатып кәсіп жасаушылар |
150 |
15 |
Пайдаланылған қосалқы бөлшектерді сату |
50 |
16 |
Қолдан тоқылған шұлық шарқат т,б, заттарды сату |
20 |
17 |
Белгілі бір орында техника қосалқы бөлшектерін сату |
150 |
18 |
Сөреден құрылыс материалдарын (обой, бояу, ленолиум, кленка) сату |
120 |
19 |
Палатка және ыдыстарды жалға беру |
300 |
3. Автокөліктерді сату |
||
1 |
Жүк автокөліктерін сату |
200 |
2 |
Жеңіл автокөліктерін сату |
100 |
4. Үй жануарларын сату |
||
1 |
Ірі қара малын сату |
100 |
2 |
Уақ малдарын сату |
35 |
3 |
Үй құстарын сату |
20 |
4 |
Халық тұтынатын тауарларды жәрмеңке және көрмелерден сату |
100 |
5 |
Автокөліктерді жалдамалы түрде облыстан тыс жерлерден алып келу қызметі |
500 |
6 |
Жұлдызнамаларды және бал ашуларды құрау жөніндегі қызмет көрсету |
50 |
7 |
Автокөліктен отын ( жынғыл т/б ) сату |
100 |
8 |
Қаппен отын сату |
20 |
9 |
Газ баллондарын сату |
100 |
10 |
Терілерді қабылдау және сату |
50 |
11 |
Терезелерге әйнек кесіп салу |
40 |
12 |
Үй жихаздарын құрастырып жинау |
100 |
13 |
Ағаш өнімдерінен бұйымдар жасау және сату |
50 |
5. Дүркін-дүркін сипаттағы кәсіп түрлері бойынша |
||
1 |
Газеттер мен журналдар |
30 |
2 |
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін,бал, саңырауқұлақ және балық сату |
100 |
3 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
100 |
4 |
Жануарлар мен құстардың жемдерін |
|
1) |
Жемдік мал азығын машинадан сату |
150 |
2) |
Жемдік мал азығын қаптап сату |
20 |
5 |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар |
50 |
6 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілетін табиғи гүлдер |
50 |
7 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
50 |
8 |
Бақша дақылдары |
120 |
9 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке тракторлар иелерінің көрсететін қызметі |
100 |