Бір жолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 наурыздағы N 29/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 01 сәуірде N 10-9-111 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 04 қаңтардағы N 12/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2013.01.04 N 12/2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат (кезектен тыс XXIX сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан көлемінде орналасқан базарлар мен сауда қатарларында тауарларды сату, (базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы, оқшауланған блоктардағы сауданы қоспағанда) қызметтер көрсету және дүркін-дүркін сипаттагы кәсіп түрлері үшін біржолғы талон құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 каңтардағы "Бір жолғы талон құнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 3 наурызында N 10-9-79 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылдың 18 наурызындағы N 27-30 шығарылымында жарияланған) N 14/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                        Ә. Сейтжанұлы

      Аудандық мәслихаттың хатшысы           С.Қ. Оразымбетов

Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
26 наурыздағы N 29/2 шешіміне
       қосымша

Аудан көлемінде орналасқан базарлар мен сауда қатарларында тауарларды сату, (базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы, оқшауланған блоктардағы сауданы қоспағанда) қызметтер көрсету және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіп түрлері үшін біржолғы талон құны 


Базарларда жасалатын саудалардың түрі

Бір жолғы талон құны (теңге)

1.

Азық-түлік өнімдері


1

Жүк автокөліктерінен азық-түлік сату

600

2

Жеңіл автокөліктерінен азық-түлік сату

300

3

Көтерме көкөніс өнімдерін сату

200

4

Жерден көкөніс өнімдерін сату

200

5

Азық-түлік өнімдерін сөреден сату

140

6

Сөреден жеміс өнімдерін сату

120

7

Жерден күнбағыс сату

30

8

Сөреден талқан, сөк, қауынқақ, қақ, айран, сүт, май өнімдерін сату

45

9

Ет және ет өнімдерін сату

150

10

Балмұздақ, газдалған сусындар сату

70

11

Күріш, ұн өнімдерін қаптап сату

140

12

Салат сату

50

13

Құс түрлерін сату

50

14

Нан және кондитерлік өнімдерді сату

70

2.

Өндірістік тауарларды сату


1

Сөреден өндірістік тауарларды сату

150

2

Сөреден кеңсе тауарларын сату

150

3

Бас киімдерді сату

100

4

Телевизор, тоңазытқыштарды сату

100

5

Кілем, палас өнімдерін сату

150

6

Маталарды кездемелеп сату

120

7

Аудио, бейне, ұнтаспаларды сату, жалға беру

120

8

Құрылыс материалдарын сату

150

9

Етік, сағат жөндеу қызметі

100

10

Қол арбамен халыққа қызмет көрсету

50

11

Насыбай сату

20

12

Күнделікті тұтынатын шаруашылық заттарын сату

120

13

Базарларда жүк сақтау қызметі

150

14

Пайдаланылған қосалқы бөлшектерді сату

50

15

Қолдан тоқылған шұлық, шарқат т.б, заттарды сату

20

16

Техника қосалқы бөлшектерін сату

150

17

Сөреден құрылыс материалдарын сату

150

18

Палатка және ыдыстарды жалға беру

300

3.

Автокөліктерді сату.


1

Жүк автокөліктерін сату

200

2

Жеңіл автокөліктерін сату

100

4.

Үй жануарларын сату


1

Ірі қара малын сату

100

2

Уақ малдарын сату

35

3

Үй құстарын сату

20

4

Халық тұтынатын тауарларды жәрмеңке және көрмелерден сату

100

5

Автокөліктерді жалдамалы түрде облыстан тыс жерлерден алып келу қызметі

500

6

Жұлдызнамаларды және бал ашуларды құрау жөніндегі қызмет көрсету

50

7

Қаппен отын сату

20

8

Газ баллондарын сату

100

9

Терілерді қабылдау және сату

50

10

Терезелерге әйнек кесіп салу және сату

40

11

Үи жиһаздарын құрастырып жинау

100

12

Ағаш өнімдерінен бұйымдар жасау және сату

50

5.

Дүркін-дүркін сипаттағы кәсіп түрлері бойынша


1

Газеттер мен журналдар

50

2

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық сату

100

3

Тұқым сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

100

4

Жануарлар мен құстардың жемдерін сату


1)

Жемдік мал азығын машинадан сату

150

2)

Жемдік мал азығын қаптап сату

20

5

Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар

50

6

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілетін табиғи гүлдер

50

7

Қосалқы ауылшаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдері

50

8

Бақша дақылдары

120

9

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады