Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.04.02 N 956 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кент және ауылдық округ әкімдеріне 2009 жылдың
сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында шақыруды кейінге қалдыруға
немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа
дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма
жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген
мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
жұмыстарын ұйымдастыру және аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімге шақырылған азаматтардың ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес
бекітілсін.
3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге:
1) 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскерге шақыру кестесін жасау;
2) әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде
жабдықталған шақыру пунктімен қамтамасыз ету;
3) мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты
жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Аудандық емханаға (келісімімен):
1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясын құру, медициналық комиссияның құрамына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандар мен аяжандарды бөлу;
2) Аудандық шақыру учаскесін дәрігерлік құрал-жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету;
3) мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде дәрігерлік
сараптамадан өтіп, емделуге мұқтаж әскер қатарына шақыру жасындағы
азаматтардың тексерілуін, емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісімімен) шақыру кезеңінде жалпыға бірдей әскери міндетін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді, келуін және шақыру комиссиясының жұмысы барысында шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Аудандық әділет басқармасы (келісімімен) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөні және азаматтық хал актілеріне олардың туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайларда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау ұсынылсын.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлау және аудандық шақыру пунктіне техникалық қызметкер ретінде жұмыссыздар есебінде тұратын азаматтардың өз еркімен келіскен қажетті санын бөлу тапсырылсын.
8. Аудандық электр тораптары мекемесі (келісімімен) шақыру
пуктіне электр жарығының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес әскери
міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тегін, атын, әкесінің атын,
отбасы жағдайын, денсаулық жағдайын (I немесе II топтағы мүгедек деп
танылған), тұрған жерін, білімін, жұмыс орны мен қызметін өзгерткен
жағдайда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеті күн ішінде
хабардар етуі қажет.
10. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мерзімді
әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуда
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесе жұмыс жасасын.
11. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қ.Сапаралиев,
келісімімен) атқарылған жұмыстар жайлы 2009 жылдың 6 шілдесіне және
2010 жылдың 5 қаңтарына аудан әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
12. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары С.Сермағамбетовке жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
2009 жылғы 7 сәуірдегі N 469
қаулысымен бекітілген қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2009.08.21 N 627 қаулысымен.
1. Нурхожин Даулеткали Ергалиевич - "Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
2. Шығанбаев Бауыржан Тұрғанбайұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
3. Икматова Гүлбарам Тұрарқызы - "Аудандық емхана" мемлекеттік мекемесінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
МҮШЕЛЕРІ
4. Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы - "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
5. Курбаналиева Гульмира Валиуллаевна - "Болашақ" бастапқы медициналық көмек көрсету орталығының терапевт дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Аудандық шақыру комиссиясының мүшелігіне
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
"КЕЛІСІЛДІ"
"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.Нурхожин___________________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Болашақ" бастапқы медициналық көмек
көрсету орталығының терапевт дәрігері
Г.Курбангалиева______________