Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.04.02 N 956 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 469 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 7 мамырында N 10-9-83 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы N 44-45 /7660-61/ санды шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
- көрсетілген қаулының қосымшасы осы каулының қосымшасына (қоса тіркелді) сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ
"КЕЛІСІЛДІ"
2009 жылғы 21 тамыздағы
N 627 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
1. Нурхожин Даулеткали Ергалиевич - "Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
2. Шығанбаев Бауыржан Тұрғанбайұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
3. Икматова Гүлбарам Тұрарқызы - "Аудандық емхана" мемлекеттік мекемесінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
МҮШЕЛЕРІ
4. Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы - "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
5. Курбаналиева Гульмира Валиуллаевна - "Болашақ" бастапқы медициналық көмек көрсету орталығының терапевт дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Аудандық шақыру комиссиясының мүшелігіне
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
"КЕЛІСІЛДІ"
"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.Нурхожин___________________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Болашақ" бастапқы медициналық көмек
көрсету орталығының терапевт дәрігері
Г.Курбангалиева______________