Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.02.15 N 855 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" N 485 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 22 мамырында N 10-9-85 болып тіркелген, аудандық Өскен-өңір" газетінің 2009 жылғы 3 маусымдағы N 51 шығарылымында жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес (қоса тіркелді) жаңа редакцияда толықтырылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Сермағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
2009 жылғы 06 маусымдағы
N 565 қаулысына қосымша
Аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылық субъектілері мен жеке кәсіпкерлер
ТІЗІМІ
18. Жеке кәсіпкер Ермаханов Сабыр
19. "Әдемі тіс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20. Жеке кәсіпкер "Еламан Бауыржан"
21. "Мөлдір и компания" толық серіктестігі
22. Жеке кәсіпкер "Катанова Гульмира"
22. "Мұстафа Шоқай-Ыдырыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
23. Жеке кәсіпкер "Ақ Сәуле" Тынысбеков Сағындық
24. Жеке кәсіпкер "Нұрсаулет" Альжанов Маден Алгабасулы
25. Жеке кәсіпкер "Әбдірахманов Берік"