Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жайлы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 855 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 17 наурызда N 10-9-109 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі N 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.09.20 N 1598 қаулысымен. 

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" N 485 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 22 мамырында N 10-9-85 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 3 маусым N 51 санды шығарылымында жарияланған); аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" N 485 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 565 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 23 маусымында N 10-9-89 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 4 шілде N 59 санды шығарылымында жарияланған); аудан әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" N 485 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 669 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 10 қарашасында N 10-9-96 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 21 қараша N 105 санды шығарылымында жарияланған).
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары
Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                               Н. НӘЛІБАЕВ

2010 жылғы "15" ақпандағы
      N 855 қаулысымен бекітілген
      қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" N 274 Қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін айқындайды.
      2. Қағида да пайдаланылған негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орындары;
      2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңында белгіленген адамдар топтары;
      3) нысаналы топтарға:
      табысы аз адамдар; жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тэрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер; заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.
      4. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) халықтың нысаналы және әлеуметтік қорғауға жататын топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орнының шекті мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде алты айға дейін деп белгіленеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

      6. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегінің төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен еңбек шарт жасасады.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелер уәкілетті органға жазбаша сұраныс береді.
      Бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төленетін мекемелер мен ұйымдардан сұраныс қабылданбайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді уәкілетті орган қалыптастырады және әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің еңбек шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай-сайын жүзеге асырылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы уәкілетті орган мен жұмыссыздар арасындағы еңбек шартына сәйкес жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы топтар үшін алты айлық мерзімге жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады. Бір адамға республикалық бюджеттен бөлінетін орташа қаржысы 20,0 мың теңгеге дейін жеткізіліп, жұмыс берушінің 50 пайыздық үлесін
қосқанда жұмыс істеушінің орташа айлық еңбек ақысы айына 40,0 мың теңгені құрайды.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау

      11. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді.
      12. Жұмыссыздар тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңнамаларына сәйкес жасалған шарт бұзылуы тиіс және бұл туралы жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтар үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауы тиіс.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың дәлелсіз себептер бойынша жұмысқа қатыспау жағдайлары анықталған жағдайда бұл туралы дер кезінде уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады