Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.11.11 N 1681 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 469 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 7 мамырында N 10-9-83 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 16 мамырындағы N 44-45 /7660-61/ санды шығарылымында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
- көрсетілген қаулының қосымшасындағы "Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы" - деген сөздер "Жақып Ғабит Жәрдемханұлы" - деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Нәлібаев