Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 40 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 22 қаңтарда N 10-9-106 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 49 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2010.12.15 N 49 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізу комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскери есепке алынатын азаматтарды әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау мақсатында медициналық зерттеуден өткізу;
      2) медициналық комиссия құрамын жоғары білікті дәрігер - мамандармен жасақтау ұсынылсын;
      4. Кент және ауылдық округ әкімдеріне Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелуге жататын тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тізімін беру және аудандық шақыру учаскесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және тіркеуге келмеген, әскери есептен жалтарған азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      6. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық әскерге шақыру учаскесіне техникалық қызметкер ретінде жұмыссыздар есебінде тұратын азаматтарды өз еркімен келіскен қажетті санын бөлсін.
      7. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) атқарылған жұмыстар жайлы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
      8. Шиелі ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу туралы туралы" N 27 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 23 қаңтарда N 10-9-76 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 12 /7628/ санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      10. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                 Н. НӘЛІБАЕВ

2009 жылғы 25 желтоқсандағы
       N 40 шешіміне қосымша

Тіркеу жүргізу комиссиясының құрамы

      Нурхожин Даулеткали Ерғалиевич - "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Шығанбаев Бауыржан Тұрғанбайұлы - "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Жақып Ғабит Жәрдемханұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Нәлтаева Гүлнар Санаққызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер кабинетінің дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);
      Икматова Гүлбарам Тұрарқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады