Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 27 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 23 қаңтарда N 10-9-76 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2009.12.25 N 40 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін, жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру
ұсынылсын.
      2. Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізу комиссиясының құрамы
қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасына
/келісімімен/:
      1) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскери есепке алынатын азаматтарды әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын
анықтау мақсатында медициналық зерттеуден өткізу;
      2) медициналық комиссия құрамын жоғары білікті дәрігер - мамандармен жасақтау ұсынылсын;
      4. Кент және ауылдық округ әкімдеріне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөліміне тіркелуге жататын тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тізімін беру және аудандық шақыру учаскесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне /келісімімен/ 2009 жылдың
қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды есепке алу барысында аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және тіркеуге келмеген, әскери есептен жалтарған азаматтарды іздестіру
жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық әскерге шақыру учаскесіне техникалық қызметкер ретінде
жұмыссыздар есебінде тұратын азаматтардың өз еркімен келіскен қажетті санын бөлсін.
      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімімен)
атқарылған жұмыстар жайлы 2009 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне
ақпарат беру ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Сермағамбетовке жүктелсін.
      9. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  Н. Нәлібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Сапаралиев _______________________

      "24" желтоқсан 2008 жыл      

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық кеңес беру диагностикалық емхана мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Р.Рашбаева ______________________

      "24" желтоқсан 2008 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы      Ғ.Тұрсекеев ____________________

      "24" желтоқсан 2008 жыл

Аудан әкімінің 2008 жылғы
"25" желтоқсандағы N 27
шешімімен бекітілген қосымша 

Тіркеу жүргізу комиссияның құрамы:      

Сапаралиев Қыдырбай   Базарбайұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімімен);

Шығанбаев Бауыржан Тұрғанбайұлы

-

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы

-

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімімен).

Рашбаева Раиса Ізмұханқызы

-

аудандық Кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісімімен);

Икматова Гүлбарам Тұрарқызы

-

аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімімен);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады