Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 49 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 17 қаңтарда N 10-9-183 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2011.12.06 N 57 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі ауданы бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін аудандық шақыру учаскесіндегі тіркеу комиссиясы (әрі қарай – комиссия) құрылсын және оның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық шақыру учаскесінде есепке тіркеу комиссиясына жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.
      4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
      1) Әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен аяжандармен қамтамасыз ету;
      2) Әскери есепке тіркелуге шақыру өткiзудi бастар алдында жергiлiктi әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегi және диспансерлiк есепте тұрған әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар туралы мәлiметтердi хабарлау.
      5. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын қажетті адам санын бөлу тапсырылсын.
      6. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
      7. Шиелі ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Шиелі ауданы бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке алу туралы" N 40 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 22 қаңтарда N 10-9-106 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 15-16/7745-46/ санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      9. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                         Н. НӘЛІБАЕВ

       2010 жылғы "15" желтоқсандағы
N 49 шешіміне 1-қосымша

Аудандық тіркеу жөніндегі комиссиясының құрамы

Нурхожин Даулеткали Ергалиевич

- "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Әбіш Маханбет Елтайұлы

- "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің
бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

 Комиссия мүшелері:

Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы

- "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары полиция майоры (келісім бойынша);

Абитбаева Нұргүл Оралқызы

- Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер кабинетінің дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);

Икматова Гүлбарам Тұрарқызы

- Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады