Маңғыстау облысының су нысандарында суды ортақ пайдаланудың Қағидасы туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 21/233 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда № 2062 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/289 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010.04.27 № 24/289 шешімімен
      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының су нысандарында суды ортақ пайдаланудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 27 қарашадағы
№ 21/233 шешімімен бекітілді

Маңғыстау облысының су нысандарында суды
ортақ пайдаланудың
ҚАҒИДАСЫ  1. Жалпы ережелер

      1. Су нысандарында суды ортақ пайдаланудың осы Қағидасы (әрі қарай - Қағида) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Жалпы су пайдалануға жататын су объектілері:
      техникалық құралдарды пайдаланбай жерүсті көздерінен су алу;
      рекреациялық мақсатта (демалыс үйлерін, пансионаттар және т.б. ұйымдастырмай), жаппай демалыста, туризм мен спорттық мақсаттарда;
      ескекті және желкенді қайықтармен жүзу;
      мал суару.

      3. Суды ортақ пайдалану жалпы су пайдалану объектілерінде де, сол сияқты ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүргізілуі мүмкін және рұқсатнама талап етілмейді.

      4. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілерінің иелері, су пайдаланушылар мен ұйымдардың міндеттері және жауапкершіліктері (меншік түріне тәуелсіз) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен анықталады.

      5. Су пайдаланушылар су қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға, белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге, жерүсті және жерасты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның тиісті негіздемесі мен шешімінсіз ауыз суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуі қажет.

      6. Азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау саласындағы өкiлеттi органдардың келiсiмiмен шомылуға, ауыз су және тұрмыстық қажеттiліктерге су алуға, малды суаруға тыйым салынған орындарды белгiлейдi.

      7. Жағалау суларын пайдалану учаскелердегі демалушыларға қызмет көрсету (жинамалы балалар аттракциондарын орналастыру, салқындатылған сусындар мен басқа да тамақ өнімдерін сату, жүзу құралдарын, дайвингті жалға беру) су қорғау белдеуіндегі жерүсті және жерасты сулары алаңының ластануына жол бермеген жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.

2. Ерекше жағдайларда суды ортақ пайдалану

      8. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін, тұрғылықты халықтың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға шектеулер, тоқтата тұрулар немесе тыйым салулар енгізілуі мүмкін.

      9. Суды ортақ пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салуды жариялау үшін су пайдалануды жеке дара немесе бірлесіп жүргізетін су пайдаланушы қалалық (облыстық маңызы бар) және аудандық жергілікті өкілді органдарға мұны қабылдаудың қажеттігін негіздеп, өтініш тапсырады.

      10. Суды ортақ пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату жөніндегі шығындар осы су нысандарын жеке дара немесе бірлесіп су пайдалануға берілген заңды және жеке су пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі.

      11. Бекітілмеген су нысандарында Қағиданы бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілерді, плакаттарды орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

      12. Суды мал суару үшін пайдалану ауыз су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су нысандарын ластану мен қоқыстанудан қорғайтын құрылғылар болса ғана рұқсат етіледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мал суару алаңдарын жайластыру жөніндегі шараларды жүргізеді.

      13. Суда жүзетін жабайы құстар мен терісі бағалы аңдар (ондатр және құндыз) тіршілік ететін орын болып танылған су қоймаларында суды ортақ пайдалану облыстағы жануарлар әлемін қорғау және қайта өндіру жөніндегі уәкілетті органдар және аң шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының келісімімен суды кешенді пайдалану талаптарын есепке ала отырып, іске асуы мүмкін.

      14. Жүзу қауіпсіздігін сақтауды жүзеге асыратын ескекті және желкенді кемелердің қозғалыстарын шектеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      15. Шомылуды шектеу және осы сияқты басқа да жағдайларда суды ортақ пайдалануды жүзеге асыруға шек қою туралы тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы ақпараттық белгілер арқылы хабарландырылады.
      Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдай туындағанда суды ортақ пайдалану белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады