Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.04.2012 № 2/26 шешімімен(қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, 18 бабының 5 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысының күші жойылғанына байланысты қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 28/252 «Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын (көмір) алуға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-41 болып тіркелген, 2006 жылғы 4 қарашадағы № 179 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/326 «Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 28/252 «Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын (көмір) алуға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-60 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 шілдедегі № 121-122 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Көбегенов
Қалалық мәслихат хатшысы Ж. Матаев