Жаңа көшелерге есімдер беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 38 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда № 11-3-73 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 06.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бейнеу ауылының атамекен шағын ауданындағы Қаржаубай Жылқыбаев көшесінен кейінгі жаңа көшенің

      бірінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Тұрыш ата" есімі;

      екінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Қарақоға" есімі;

      үшінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа "Қарағайлы" есімі;,

      төртінші қатары: Шоғы батыр,

      бесінші қатары: Қосарқан,

      алтыншы қатары: Шахан,

      жетінші қатары: Уәлі,

      сегізінші қатары:Сайқұдық,

      тоғызыншы қатары: Опорная,

      оныншы қатары: Мұрын жырау,

      он бірінші қатары: Манашы,

      он екінші қатары: Айрақты,

      он үшінші қатары: Жайылған,

      он төртінші қатары: Дағар,

      он бесінші қатары: Шаршы,

      он алтыншы қатары: Құсшы,

      он жетінші қатары: Күйкен,

      он сегізінші қатары: Есенқазақ,

      он тоғызыншы қатары: Теректі,

      жиырмасыншы қатарына Шүңкілдек есімдері берілсін.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 29.07.2009 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2018 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен;

      Бейнеу селосындағы Қосай Ата көшесі мен С.Бейбарыс көшесін қосатын,

      бойында "Арна" қонақ үйі орналасқан көшеге Төремұрат есімі берілсін.

      Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 29.07.2009 № 329 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімінің
      міндетін атқарушы: Б.Мұхамединов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады