РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 06.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Сүйінқара батыр көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшелердің
бірінші көшесіне "Аманбай ата",
екінші көшесіне "Ш.Шыңғысов",
үшінші көшесіне "А.Өтеуов" есімдері берілсін.
Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 06.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Село әкімі: | К.Машырықов |