Жаңа көшелерге ат қою туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі Тәжен селосы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 3 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада № 11-3-88 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңның 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 09.02.2017 № 10 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тәжен ауылындағы көшелердің солтүстіктен бастап санағанда:
      бірінші көшесіне "Тәуелсіздік";
      екінші көшесіне "Егемендік";
      үшінші көшесіне "Азаттық" аттары қойылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 09.02.2017 № 10 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім Бейнеу аудандық Әділет басқармасына тіркеуге ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      Село әкімінің
      міндетін атқарушы Ж.Темиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады