Тәжен ауылы әкімінің 2009 жылғы 28 қазандағы №3 "Жаңа көшелерге ат қою туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 10 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 3286 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына және Тәжен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тәжен ауылы әкімінің 2009 жылғы 28 қазандағы №3 "Жаңа көшелерге ат қою туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-3-88 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашадағы "Рауан" газетінде №48 (1916) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын;
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      "1.Тәжен ауылындағы көшелердің солтүстіктен бастап санағанда:
      бірінші көшесіне "Тәуелсіздік";
      екінші көшесіне "Егемендік";
      үшінші көшесіне "Азаттық" аттары қойылсын."
      2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Жұмаханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл әкімі Е.Таргынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады