Аудан базарларында қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 21/167 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 11-4-95 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 7/86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 05.03.2013 № 7/86 шешімімен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудан базарларында қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Бажиков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудан бойынша салық

      комитетінің төрағасы

      Ғ.Хамиев

      "____"__________2009 ж.

  Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 21/167 шешімімен бекітілген

Аудан базарларында қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

Тауарлардың түрі

Бір салық төлеушіге бір күндік бір жолғы талон құны, теңге

1

Өнеркәсіптік тауарлары
бойынша

51 теңге

2

Азық-түлік өнімдері
бойынша

41 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады