2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық әкімиятының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 50 қаулысы. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 11-5-72 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына және Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыс орындарын құру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» N 146 қаулысын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қоса беріліп отырған 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесі бекітілсін /қосымша/.

      2.Әлеуметтік жұмыс орындарына арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлап, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін ішінара өтеуді қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне /Р.Шабикова/ тапсырылсын.

      3.Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /С.Қайымова/ міндеттелсін.

      4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі    Ж.Албытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады