Орталық паркке Қ. Жүсіповтің атағын беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігі Шетпе селосы әкімі аппаратының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 277 шешімі. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 сәуірде N 11-5-76 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Шетпе ауылындағы Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы ауыл тұрғындарының және аудандық ардагерлер кеңесінің ұсынысын қарап, Шетпе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы әкімінің 06.11.2017 № 487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шетпе ауылындағы Орталық паркке Жүсіпов Қыдырбайдың атағы берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы әкімінің 06.11.2017 № 487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн тізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Село әкімі М.Мүтәллапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады