Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 779 Жарлығына сәйкес 1991-1982 жылы туған азаматтарды, шақыру күніне 18 жасқа толған және 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1991 - 1982 жылы туған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2009 жылдың қазан айы мен желтоқсан айының 30 - ы аралығында жүргізілсін.
2. Шақыру пункті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылып, комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
3. Әскерге шақырылушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлеріне қарай алдын-ала бөлуге, дәрігерлік байқаудан өткізуге комиссия құрамы бекітілсін (2 қосымша).
4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (3 қосымша).
5. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
Көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
6. «Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы А.Рзаханұлыға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1991 - 1982 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізу комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
2009 жылдың қазан айынан бастап 30 желтоқсанға дейін әскерге шақырылушы азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
шақыру комиссиясының маман - дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
шақыруға жататын азаматтарды дәрігерлік куәландыруды жүзеге асыру үшін тәжірибелі маман - дәрігерлерді бөліп, флюорографиялық байқаудан, анализден, электрокардиограммадан өткізіп, жаппай егу жұмыстарын жүргізу;
созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсырып, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
7. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және қажетті сандағы ішкі істер қызметкерлерін бөлу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Досжановқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
8. 2009 жылғы желтоқсан айының 27-не дейін аудан әкімдігі қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат түсіру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Қуанбаевқа ұсынылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Албытов
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 202 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы
Қуанбаев Бердіхан комиссия төрағасы,
Аралбайұлы аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Төрехан Үзіл комиссия төрағасының
Таңатарқызы орынбасары, аудан әкімі
аппаратының бас маманы
Мүшелері:
Нұрлыбаева Жанар аудандық емхананың дәрігері,
Сайынқызы медициналық комиссия төрайымы
(келісім бойынша)
Тастеміров Қожабек аудандық ішкі істер бөлімі Мұратбекұлы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Кесікбаева Қымбат аудандық емхананың
Пәтербайқызы медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 202 қаулысымен бекітілген
2 қосымша
Дәрігерлік байқаудан өткізуге (куәлік етуге) тиісті комиссия құрамы
Нұрлыбаева Жанар аға дәрігер
Ақжанов Жеңіс дерматовенеролог
Жармағанбетова Ақбөбек оториноларинголог
Құрамшин Мақсат (Қосым Бекзат) хирург
Мұқанова Орынгүл психиатр
Сейтмағанбетова Гүлмира фтизиатр
Сүйетбаев Қыстаубай
(Нұрбосынов Ерлан) стоматолог
Жақсылықова Ұлмекен
(Есбергенова Баян) терапевт
Дабысова Раушан терапевт мейірбикесі
Бримжанова Рыстай флюоролаборантка
Сатенбаева Орынгүл R- лаборант
Сағибекова Айкүміс клин. лаборант
Күйкішова Гүлфайруз лаборант дәрігер
Дүйсенбаева Назгүл лаборант
Машырықова Айман ЭКГ мейірбикесі
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 202 қаулысымен бекітілген
3 қосымша
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ |
Ауыл әкімшіліктератауы |
Комиссиядан өтетін күндері |
|||||||||||
Барлығы |
01.10 |
02.10 |
05.10 |
06.10 |
07.10 |
08.10 |
09.10 |
12.10 |
13.10 |
14.10 |
15.10-30.12 |
||
1 |
ШЕТПЕ |
||||||||||||
2 |
ЖАРМЫШ |
||||||||||||
3 |
ҚЫЗАН |
||||||||||||
4 |
АҚШЫМЫРАУ |
||||||||||||
5 |
ЖЫҢҒЫЛДЫ |
||||||||||||
6 |
ОНДЫ |
||||||||||||
7 |
ӨТЕС |
||||||||||||
8 |
ТҰЩЫҚҰДЫҚ |
||||||||||||
9 |
ШЕБІР |
||||||||||||
10 |
ШАЙЫР |
||||||||||||
11 |
АҚТӨБЕ |
||||||||||||
12 |
ОТПАН |
||||||||||||
Барлығы |
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы «11» қыркүйектегі
№ 202 қаулысымен жеке келісу
парағы
Досжанов Амангелді
Асқарұлы
аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
11 қыркүйек 2009 ж.
Рзаханұлы Амангелді
«Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны директорының
міндетін атқарушы
11 қыркүйек 2009 ж.
Қуанбаев Бердіхан
Аралбайұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі бастығы
11 қыркүйек 2009 ж.