Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 38 бабының 1 тармағына және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17 бабының 1 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
2. Шақыру учаскесі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында ұйымдастырылсын.
3. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
1993 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4. «Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Ж.Нұрлыбаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман - дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
5. Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Досжановқа (келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Қуанбаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Албытов