Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 211 қаулысы. Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 шілдеде № 11-6-96 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық кодексiнің 42 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығарылған сот үкіміне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушілер сотталған азаматтарды аудан аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс, жолдарды және оның аймағын тазалау қызметтеріне тартылуын қамтамасыз етсін.

      2. Сотталғандар жазасын өтеуге аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жіберілсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             С.Ө.Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Г.Н.Демеуова

      Д.Шүкірбаева
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
      28 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады