Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012.07.02 № 463 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және аудан әкімдігінің 25 ақпан 2009 жылғы № 85 «Түпқараған ауданы әкімдігінің құрылымы туралы» қаулыларын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Аудан әкімдігіне қарасты посселолардың мал басы туралы мәліметтер беру және қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру стандартын бекіту туралы» 10 шілде 2008 жылғы № 326 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 10 тамыз 2008 жылы № 11-6-64 болып тіркелген, «Ақкетік арайы газетінің» 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 43, 16 қыркүйектегі № 44 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулыдан «мал басы туралы анықтама беру және» сөздері және 1 қосымша алынып тасталсын;
қаулы және 2 қосымша тақырыбы мен мәтіндеріндегі "Қосалқы" деген сөздің алдынан "Жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
2. Осы қаулының орындалысы аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі С.Ө.Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Д.О.Меңдіханов
Қ.Серікбаев
Таушық селосы әкімі
07 шілде 2009 жыл
А.Нұғыманов
Ақшұқыр селосы әкімі
07 шілде 2009 жыл
Ө.Ермекбаев
Қызылөзен селосы әкімі
07 шілде 2009 жыл
Г.Шолтаманова
Баутино поселкесі әкімінің м.а
7 шілде 2009 жыл