Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 08 шілде 2005 жылғы Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған жастарды тіркеуге алу 2010 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде өткізілсін.
2. Таушық, Қызылөзен, Ақшұқыр, Баутин ауыл әкімдері (Қ.Серікбаев, Ө.Ермекбаев, А.Нұғыманов, Ө.Мұңалов) және аудандық білім беру бөлімінің бастығы (Г.Ибраева) мен Маңғыстау политехникалық колледжінің Форт - Шевченко филиалының директоры (Н.Нұрбердіханова):
1) Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуға дейінгілердің уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті жұмыс жасайтын 1993 жылы туылған азаматтарды қажетті құжаттармен, анықтамалармен қамтамасыз ету сұралсын.
3. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева (келісім бойынша):
1) 2010 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде 1993 жылы туылған жастарды дәрігерлік куәландырудан және бақылаудан өткізу үшін білікті маман дәрігерлер бөлсін. (Қосымша № 1)
2) комиссияның маман дәрігерлерін қажетті құрал - жабдықтармен, дәрі - дәрмектермен, шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етсін;
3) тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде шақыру учаскесіне тіркеуге жататын 1993 жылғы жастардың қан, ұлы және кіші дәрет, электрокардиографиясы қорытындыларын тапсыруларын жүргізуді қамтамасыз етсін;
4) 2010 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жүйке ауруларымен, трахомамен, іш құрылысы ауруларымен, сүйек, бұлшық ет, буын ауруларымен ауыратындығы жөнінде диспансерлік бақылау жөніндегі денсаулық жағдайын баяндайтын анықтамалар жеткізілсін;
5) 1993 жылы туылған жастардың дәрігерлік амбулаторлық карталарын тіркеу беттерімен бірге 2010 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізсін;
6) Комиссия жолдаған жастардың кезектен тыс амбулаторлық бақылауын қамтамасыз ету үшін қажетті төсек - орындар бөлсін;
7) Тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде 1993 жылы туған әскерге шақырылғанға дейінгілерге егу жұмыстары жүргізілсін.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтарына мүгедек болып табылатын 1993 жылы туылған жастардың тізімі және қоғамдық жұмыстар есебінен адамдармен қамтамасыз етсін. (А.Қазиева)
5. Аудандық әділет басқармасының бастығына (М.Мұқанов келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін аты - жөнінің өзгергендігі жөнінде, азаматтардың хал актлерін жазуына туған жері, уақыты өзгергендігі тіркелген, сонымен қатар әскерге шақырылғанға дейінгілердің қайтыс болғандығы туралы мәліметтермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Дәрігерлік санитарлық сараптау комиссиясының төрайымы (Г.Шалабаева) 7 күн ішінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған барлық әскерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтер жеткізу ұсынылсын.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Ө.Қилыбаев келісім бойынша) алдын-ала тергеу жүргізіліп және қылмыстық іс қозғалып, ісі сотқа берілген әскерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтерді уақытылы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау ұсынылсын.
8. Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқандарды ұстап, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу үшін іздеу тобын құрсын. Шұғыл жұмыстар қажеттілігі туындаған кезде бөлімнің кезекші автомашинасы бөлінсін. (Қосымша № 2)
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шешімнің орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 30 наурызына ақпарат берсін.
10. Төмендегі құрамда шақыру комиссиясы бекітілсін.(Қосымша №3)
11. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімі орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.
12. Осы шешім алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Ө.Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
О.Б.Жарылғапова
Т.А.Алтынғалиев
Г.Н.Демеуова
Г.Б.Шалабаева
Аудандық емхана бас дәрігері
25 желтоқсан 2009 жыл
А.Қазиева
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
бастығы
25 желтоқсан 2009 жыл
Г.С.Ибраева
«Түпқараған аудандық білім беру бөлімі» ММ
бастығы
25 желтоқсан 2009 жыл
Н.Нұрбердіханова
Маңғыстау политехникалық колледжінің
Форт - Шевченко филиалының директоры
25 желтоқсан 2009 жыл
М.Ж.Мұқанов
Аудандық әділет басқармасының
бастығы
25 желтоқсан 2009 жыл
Ө.Қилыбаев
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
25 желтоқсан 2009 жыл
Қ.Ж.Сүйеубаев
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі бастығы
25 желтоқсан 2009 жыл
Аудан әкімінің
25 желтоқсан 2009 ж.
№ 10 шешіміне Қосымша № 1
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге тартылатын дәрігер мамандардың тізімі:
1. Терапевт - Мусина Айтолқын Сматуллақызы
2. Тері - мерез ауруларының маманы - Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы
3. Тіс дәрігері - Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
4. Оташы - Измаилов Қанат Магерұлы
5. Психиатр - облыстан алдыру
6. Фтизиатр - Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы
7. Лор- Өрбісінова Гүлжихан Мекеқызы
8. Көз дәрігері – Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге тартылатын дәрігер мамандар дәлелді себептермен келмей қалған жағдайда оларды ауыстыратын мамандар тізімі:
1. Терапевт - Есжанова Әлия Бүркітқызы
2. Тіс дәрігері - Қиынова Жанар
3. Оташы - Гумарова Жанна
4. Фтизиатр - Балтабаева Маржан
5. Невропатолог - Жексембекқызы Ақерке
Аудан әкімінің
25 желтоқсан 2009 ж.
№ 10 шешіміне Қосымша № 2
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды тіркеу бөліміне келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобы.
№ |
Аты-жөні |
Мекеме аты |
1 |
Меңдібаев Сарсенғали Жөкенұлы |
Қорғаныс істер бөлімі |
2 |
Елеусинов Нұрлан Серкебайұлы |
Ішкі істер бөлімі |
3 |
Икембаев Қуаныш Төлегенұлы |
Баутин-Аташ елді мекендері бойынша учаскелік инспектор |
4 |
Ізбасаров Абай Исметеллаұлы |
Ақшұқыр-С.Шапағатов елді мекендері бойынша учаскелік инспектор |
5 |
Жүнбасов Нәрік Мұратбайұлы |
Таушық ауылының учаскелік инспектор |
6 |
Артықбай Ғалымжан Қойлыбайұлы |
Қызылөзен ауылы бойынша учаскелік инспектор |
Аудан әкімінің
25 желтоқсан 2009 ж.
№ 10 шешіміне Қосымша № 3
Шақыру комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы:
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы- майор Қ.Сүйеубаев.
Комиссия төрағасының орынбасары - Аудан әкімдігінің өкілі- Л.Жолдыбаева
Комиссия мүшелері:
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары - Е.Тлегенов
Дәрігерлік комиссия төрайымы - аудандық емхана бас дәрігері- Г.Шалабаева.
Комиссия хатшысы: Г.Ақыбаева
Аудан әкімінің.2009 жылғы
№ 10 шешіміне анықтама-негіздеме
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның |
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
Түпқараған ауданы әкімдігі |
2. |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 23.01.2001 жылғы Заңының 1 тармақ 13 тармақшасы |
3. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу |
4. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер |
Қабылданбаған |
5. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Қабылданбаған |
6. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме |
Көздемейді |
7. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет |
Келісілген |
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімнің жетекшісі Г.Н.Демеуова