Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атамекен ауылдык округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармағында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Кенджикараев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
"____"______________ 2009 жыл.
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/163 шешіміне 1 қосымша |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/163 шешіміне 2 қосымша |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Атамекен ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар №№ | Аймаққа енетін аумақтар | Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер |
1 | Өнеркәсіптік аймақ | 2,0 |
2 | Қоғамдық- іскерлік және тұрғын аймақ. | 1,8 |
3 | Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы) | 1,6 |
1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті шоғырланған.
3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)