Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147 қаулысы. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 маусымда № 11-7-51 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 150-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012.06.25  № 150-қ қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жастардың іс - тәжірибесі - бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші (әрі қарай – жұмыссыз жастар) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар үшін алған мамандығы мен кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау және еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде өткізілетін өндірістік іс тәжірибе.

      2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың іс - тәжірибесін ұйымдастырудың уәкілетті органы (әрі қарай – уәкілетті орган) болып табылады.

      3. Уәкілетті орган Жастардың іс - тәжірибесіне қатысу үшін оқу орнын бітіруші жұмыссыз жастарды іріктеуде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
      1) жұмыссыз ретіндегі жастар;
      2) кәсіби білімі;
      3) іріктеу кезінде оған сай келетін жұмыстың болмауы.

      4. Жұмыссыз жастарды Жастар іс - тәжірибесіне алуға келісім берген жұмыс берушімен уәкілетті орган келісім – шарт жасайды. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі.

      5. Жастар іс - тәжірибесі 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасының 103 «Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар іс - тәжірибесі бағдарламасын кеңейту» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылсын.

      6. Уәкілетті орган Жастар іс - тәжірибесіне қатысушыға нақты жұмыс атқарған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген 15000 мың теңге мөлшерінде жалақысын ай сайын олардың есеп шотына аударады.

      7. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т.Асауовқа жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы               Е.Әбілов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы»
      Ж.К.Тұманбаева
      21 мамыр 2009ж

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
21 мамырдағы 2009 жылғы
№ 147 қаулысына қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
Тәртібі

      Мұнайлы ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан әрі-тәртіп) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 718-1 баптарына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы уақытша жұмыспен қамту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      нысаналы топтар – жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-уәкілетті орган) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуін қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі мен шарттары

      1. Мұнайлы ауданының әкімдігі жыл сайын әлеуметтік жұмыс орындары бар шаруашылық субъектілерінің тізбесін, жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша анықтайды.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығындарына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген азаматтардың еңбекақысын нақты жұмыстың атқарған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбекақы мөлшерінен кем емес мөлшерде оның есеп шотына аударады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемде белгіленеді:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әдейі арналады;
      2) жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындар пайданалмайды;
      3) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет;
      4) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күні және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және бақылау

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасының 103 «Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар іс - тәжірибесі бағдарламасын кеңейту» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен, 102 «Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау» кіші бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына белгіленген қаражатты пайдаланудың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне мемлекеттік органдар бақылау жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады