Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кезекті 2009 жылдың қазан–желтоқсан айларында 1982 – 1991 жылдар аралығында туған ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін комиссия құрылсын (қосымша 1).
3. Комиссия мемлекеттік органдар мен мекемелердің комиссия жұмысы кезеңінде бірге отырып жұмыс жасауын қамтамасыз етсін, 2009 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды медициналық куәландыру және тексеруден өткізу жөнінде шаралар алсын.
4. 2009 жылдың қазан – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды медициналық тексерістен өткізу барысында қатыстырылуға тиіс маман - дәрігерлер мен медициналық қызмет көрсетушілер тізімі бекітілсін (қосымша 2);
5. 2009 жылдың қазан –желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден жалтарып, бой тасалап жүрген ер азаматтарды іздеу салу және оларды тауып, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жөніндегі топ құрылсын (қосымша 3).
6. Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2009 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығындағы кезеңде мерзімді әскери қызметке шақырылатын ер азаматтарды медициналық тексерістен өткізу және комиссиясының отырысы жүргізілсін.
7. «Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорына (Б.С.Тайшибаев):
1) 2009 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығындағы кезеңге мерзімді әскери қызметке шақырылатын ер азаматтарды медициналық тексеруден өткізу комиссиясына тәжірбиесі мол маман – дәрігерлерді қатыстырсын және оларды қажетті дәрігерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етсін;
2) 2009 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығында мерзімді әскери қызметке шақырылатын ер азаматтардың флюрографиядан, электрокардиограммадан өткізілуін, анализдері тапсырылып, қан топтарын айыруды қамтамасыз етсін;
3) шақыру комиссиясымен аудандық емдеу мекемесіне жолданған шақырылушылардың амбулаторлық тексерістен өтуін қамтамасыз етсін.
8. Ауылдар мен селолық округтердің әкімдері, ұйымдар мен мекемелер басшылары 2009 жылдың қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды Мұнайлы аудандық қорғаныс істері жөнідегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың медициналық куәландырудан және тексеруден өтуі үшін шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
9. Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Д. Қойшыбаев) комиссия жұмысы кезеңінде шақыру комиссиясының құрамына қатыстырылуға тиісті полиция қызметкерінің әскерге шақыру жасындағы ер азаматтармен атқарылатын жұмыстарға тікелей қатысы бар бөлімшеден жолдануын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
10. Медициналық тексерістен өткізу және шақыру комиссиясы құрамының шақыру учаскесінің жұмысына қатыстырылған қызмет көрсетушілердің жұмыс орны, атқарып жүрген міндеттері және орташа жалақылары сақталатындығы ескерілсін.
11. Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (Г. Меңдібаев) қаулының орындалуы туралы 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін Мұнайлы ауданының әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Әкім О.Қазақбаев
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы қыркүйектегі
№ 196 - қ қаулысына 1 - қосымша
Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін құрылған комиссия құрамы
Комиссия төрағасы |
||
Мендбаев Газим Ілясұлы |
– |
«Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Комиссия төрағасының орынбасары |
||
Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы |
– |
«Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Комиссия мүшелері |
||
Аға дәрігер, медициналық комиссияның төрайымы Өтеғұлова Роза Қайрқұлқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары |
Ішкі істер бөлімінің өкілі Есенгелдиев Қуаныш Бәлибекұлы |
– |
«Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары |
Комиссия хатшысы |
||
Токмагамбетова Анар Қуанышқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының аға медбикесі |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы қыркүйектегі
№ 196 - қ қаулысына 2 - қосымша
2009 жылдың қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын жастарды медициналық тексерістен өткізу барысында қатыстырылуға тиіс маман - дәрігерлер мен медициналық қызмет көрсетушілер тізімі
Аманжолова Дина Насұрлайқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері |
Шайхиева Орынгүл Шайхиевна |
– |
«№1 Ақтау қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының отоларинголог-дәрігері |
Шегебаева Азима Бердібайқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының окулист-дәрігері |
Темиров Мұхамбетғали Мусаұлы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының хирург-дәрігері |
Жұбатырова Райхан Нұржігітқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының невропотолог-дәрігері |
Киркимова Құндыз Мұқашқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының фтизиатр-дәрігері |
Бибіталиева Сахима Абдрашитқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының стомотолог-дәрігері |
Изтлеуов Абишбай Изтлеуұлы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының дермотолог-дәрігері |
Шадылова Жанаргүл Бердібайқызы |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының нарколог-дәрігері |
Шүренова Базаргүл |
– |
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының медбикесі |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы қыркүйектегі
№ 196 - қ қаулысына 3 - қосымша
2009 жылдың күзіндегі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден жалтарып, қасақана бой тасалап жүрген әскерге шақырылушыларды іздеу салу және оларды тауып, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жөніндегі топ
Каниев Саламат Хайроллаевич |
– |
«Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша іріктеу және шақыру бөлімшесі бастығы |
Наурызбаев Мырзабек Вагапович |
– |
«Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау селолық округінің участкелік инспекторы |