Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 ақпанда № 3670 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.11.2014 № 591 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С. Кулагин

  Әкімдіктің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 45 қаулысына қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің
осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын
азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және
ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес
пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар
мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық
қызметші болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.06.01 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз); 2011.07.20 № 292 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2013 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2014 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      4) акушер;
      5) тәрбиеші;
      6) емдәм бикесі;
      7) тіс дәрігері;
      8) тіс технигі;
      9) мейір бике;
      10) медициналық статистик;
      11) медициналық зертханашы;
      12) провизор;
      13) психолог;
      14) рентген зертханашысы;
      15) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      16) фармацевт;
      17) фельдшер (зертханашы);
      18) дәріхана меңгерушісі.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1. директор;
      2. меңгеруші (басшы);
      3. әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
      4. медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
      5. медициналық бөлімнің меңгерушісі;
      6. дезинфектор;
      7. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      8. барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      9. барлық мамандықтағы нұсқаушылар;
      10. мейірбикелер;
      11. дәріхана меңгерушісі;
      12. фармацевт;
      13. акушер;
      14. фельдшер;
      15. лаборант;
      16. психолог;
      17. әдіскер;
      18. тәрбиеші;
      19. логопед;
      20. барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      21. мәдени ұйымдастырушы;
      22. музыкалық жетекші;
      23. кітапханашы;
      24. әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес беруші;
      25. күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың барлық мамандықтағы мұғалімдері;
      2) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);
      3) балалар үйінің, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім – балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттың, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананың директоры (меңгерушісі);
      4) дене тәрбиесінің басшысы;
      5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      6) ғылыми, оқу, оқу - өндірістік, оқу – тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп – интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының ақпараттық технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
      7) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) қосымша білім беру педагогы;
      11) педагог-психолог;
      12) орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқытушысы;
      13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      14) музакалық жетекші;
      15) аға жетекші;
      16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      17) психолог – педагогикалық кеңес меңгерушісі;
      18) лагерь бастығы (қорғаныс – спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс);
      19) оқушылардың кәсіби практикасының басшысы;
      20) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      21) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      22) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      23) мәдени ұйымдастырушы;
      24) аға әдістемеші, әдістемеші;
      25) өндірістік оқыту шебері;
      26) аға шебері;
      27) аккомпаниатор;
      28) концертмейстер;
      29) студиялар, клубтар басшылары;
      30) медициналық бике;
      31) емдәм бикесі;
      32) кітапханашы;
      33) кітапхана меңгерушісі;
      34) дәрігер;
      35) сурдопедагог;
      36) тифлопедагог;
      37) психолог – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
      38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
      39) балетмейстер;
      40) хормейстер;
      41) жаттықтырушы-оқытушы;
      42) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдістемеші;
      43) туризм жөніндегі әдістемеші - нұсқаушы;
      44) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің, қор қоймасының меңгерушісі;
      5) сектор басшысы;
      6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
      7) бейнеоператоры;
      8) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
      9) мұражайдың бас күзетшісі, қор күзетшісі;
      10) экскурсовод;
      11) қараушы, мұражай қараушысы;
      12) сақтау жөніндегі маман;
      13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші.
      5. алып тасталды - - Қостанай облысы әкімдігінің 15.04.2014 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. алып тасталды - - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2015 № 326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Мұрағат мамандарының лауазымдары:
      1) облыстық ұйым бөлімшесінің, филиалының басшысы;
      2) облыстық ұйым бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары;
      3) қор сақтаушы;
      4) мұрағатшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады