Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда № 6206 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 06.05.2021 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 01.01.2021 бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады).
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 06.05.2021 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 01.01.2021 бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады).
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы
      ___________ С. Ещанов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 71 қаулысына 1-қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.04.2019 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 01.01.2019 бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 06.05.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 01.01.2021 бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады); 27.12.2023 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 01.07.2023 бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады) қаулыларымен.

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшысы (меңгерушісі).

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, егде және мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың) басшысы;

      2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;

      3) аудандардың Мансап орталығының басшысы; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), үй ішінде қызмет көрсету ұйымының (үй ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің, көрсетілетін қызмет алушының тұрғылықты орны бойынша үй ішінде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімделу орталықтарының, көрсетілетін қызметтер алушыларының, оның ішінде адам саудасы құрбандарының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының, бостандықтан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың түнде болу үйлерінің және басқалары) басшысы;

      4) облыстық маңызы бар стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;

      5) аудандардың Мансап орталығы секторының басшысы; аудандардың Мансап орталығы бөлімінің басшысы; Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі; Мансап орталығының маманы;

      6) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      7) мейірбике (мейіргер);

      8) провизор (фармацевт);

      9) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      10) фельдшер;

      11) акушер;

      12) тәрбиеші;

      13) логопед;

      14) психолог;

      15) әдіскер;

      16) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      17) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

      18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      19) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

      20) музыкалық жетекші;

      21) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;

      22) жүзу жөніндегі нұсқаушы;

      23) дәріхана басшысы (меңгерушісі);

      24) кітапханашы.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары;

      2) мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының, оқу (ғылыми)-әдістемелік (әдістемелік) орталықтардың (кабинеттердің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтардың, қосымша білім беру (орталық, кешен), біліктілікті арттыру институттарының (филиалдары) басшылары (басшы, директор, меңгеруші);

      3) алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші, техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы);

      4) құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) жетекшісі (меңгеруші, басшы);

      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ғылыми, оқыту, ғылыми-практикалық (орталық), оқу өндірістік, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталықтың, кешеннің), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, инновациялық білім (технологиялар) бойынша, бейінді оқыту бойынша, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшының орынбасары;

      6) интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу әдістемелік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; жаппай ұйымдастыру жұмысының, ғылыми-зерттеу жұмысының, оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;

      7) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) кафедра меңгерушісі;

      8) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) аға оқытушысы;

      9) әлеуметтік педагог;

      10) педагог-ассистент;

      11) қосымша білім беру педагогы;

      12) педагог-психолог, психолог;

      13) арнайы білім беру педагогі (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог);

      14) педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;

      15) тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі; ана-тәрбиеші;

      16) оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;

      17) аға вожатый, вожатый;

      18) жастар ісі жөніндегі инспекторы;

      19) аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарында сурдоаудармашы);

      20) мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы);

      21) нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу-әдіскер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер;

      22) аға шебер, өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы;

      23) мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы; техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының әдіскері (аға әдіскер);

      24) музыкалық жетекші, аккомпаниатор, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын хореограф, концертмейстер, көркемдік жетекшісі;

      25) барлық мамандықты дәрігерлер;

      26) мейірбике (мейіргер);

      27) емдәмдік мейірбике;

      28) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      29) кітапханашы.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы;

      2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;

      3) облыстық маңызы бар ММ және МКК секторының басшысы, облыстық маңызы бар ММ, МКК бөлім басшысы;

      4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;

      6) бас қор сақтаушы (облыстық маңызы бар қалалар), қор сақтаушы;

      7) экскурсовод;

      8) мұражай қараушысы;

      9) музейлер қорын есепке алу архивисті;

      10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      11) облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы;

      5. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар орман шаруашылығы КММ басшысы;

      2) облыстық маңызы бар КММ басшысының орынбасары;

      3) облыстық маңызы бар КММ орманшылық басшысы (орман күтуші);

      4) облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы;

      5) облыстық маңызы бар КММ орман тұқымбағының басшысы;

      6) орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері;

      7) аңшылықтанушы;

      8) облыстық маңызы бар орманшылық басшының орынбасары;

      9) орман (учаске) шебері;

      10) орманшы (инспектор).

      Ескерту:

      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;

      МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

      ММ – мемлекеттік мекеме.

      6. Дене шынықтыру және спорт мамандарының лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;

      2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;

      3) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      4) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы;

      5) барлық мамандықтағы дәрігер;

      6) медициналық бике/аға (мамандандырылған);

      7) әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы.

  Әкімдіктің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 71 қаулысына 2-қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тiзбeci

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тіркелген, жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      2. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 209 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      3. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 292 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
      4. Қостанай облысы әкімдіктің 2013 жылғы 23 қазандағы № 460 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      5. Қостанай облысы әкімдіктің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 143 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты eceбiнeн лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      6. Қостанай облысы әкімдіктің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 591 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5239 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      7. Қостанай облысы әкімдіктің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 326 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады