Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 591 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 5239 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Мұрағат мамандарының лауазымдары:
      1) облыстық ұйым бөлімшесінің, филиалының басшысы;
      2) облыстық ұйым бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары;
      3) қор сақтаушы;
      4) мұрағатшы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
      облысының әкімі Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады