Жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі № 215 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 3 қыркүйекте № 3690 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 тамыздағы № 310 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 05.08.2013 № 310 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті, тоғызыншы
      сессияның төрайымы                         Л. Гальцова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                         Ғ. Сағиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімі
      аппаратының басшысы
      __________ А. Твердохлебов
      2009.07.31 ж.

      "Қостанай облысы әкімдігі
      ішкі саясат басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      (бұдан әрі ММ) бастығы
      ____________ Т. Жақыпова
      2009.07.31 ж.

      "Қостанай облысы әкімдігі
      қаржы басқармасы" ММ бастығы
      ____________ С. Аймұхамбетова
      2009.07.31 ж.

      "Қостанай облысы әкімдігі
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы" ММ бастығы
      ________________ М. Щеглова
      2009.07.31 ж.

Қостанай                
облыстық мәслихатының   
2009 жылғы 31 шілдедегі 
№ 215 шешіміне қосымша  

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын)
өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізуді ұйымдастыру мақсатымен әзірленді (бұдан әрі мәтін бойынша – жиналыс (жиын). Жиналыс (жиын) өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің бөлігі шегінде шақырылады.
      2. Жиналыс (жиын) әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың тікелей еркін білдіру нысандарының бірі болып табылады және жергілікті маңыздағы мәселелерді талқылау үшін өткізіледі.
      3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) дайындауды, өткізуді ұйымдастыруға және шешім қабылдауға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген осы ережелермен реттеледі.
      4. Осы жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі Қостанай облысының барлық аумағында іс-әрекет етеді.

2. Жиналысты (жиынды) өткізудің жалпы принциптері

      5. Жиналыс (жиын) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің оған жариялылық пен ашықтықты, жалпылама тең және тікелей еркін білдіруді сақтай отырып ерікті және еркін қатысу негізінде өткізіледі.
      6. Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысқа (жиынға) өзі қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
      7. Қазақстан Республикасы азаматын жергілікті қоғамдастықтың мүшесі деп тануға оның жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын шектегі әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы фактісі негіз болып табылады.
      Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен немесе халықаралық шартпен белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысады.

3. Жиналысты (жиынды) шақыру шарты

      8. Жиналысты (жиынды) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің бастамашылығы бойынша шақырады.
      9. Жиналыс өткізу туралы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің бастамасы қол қою парағы түрінде ресімделеді, онда мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      азаматтар жиналысын (жиынын) өткізу уақыты мен орны;
      азаматтар жиналысында (жиынында) қаралатын мәселелер;
      жиналысты (жиынды) өткізудің мерзімдері;
      жиналысты (жиынды) өткізу туралы талапты қолдаған жергілікті қоғамдастықтың әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні мен жылы, жеке куәлігінің немесе оның орнына жүретін құжаттың нөмірі және (немесе) сериясы, тұрғылықты жері бойынша тіркелім мекенжайы, жеке қолы және қол қойған күні.
      10. Қол қою парақтарын қол қоюды жинауды жүзеге асырған тұлға куәландырады, онда куәландыру күні, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің немесе оның орнына жүретін құжаттың нөмірі және (немесе) сериясы, аталған тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелім мекенжайы, жеке қолы көрсетіліп, тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органына ұсынылады.

4. Жиналысты (жиынды) шақыруды ұйымдастыру

      11. Егер жиналысты (жиынды) шақыру туралы шешім қабылданса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органы:
      жиналысты (жиынды) өткізуге жағдай туғызуды қамтамасыз етеді, жиналыста (жиында) қаралатын мәселелер мен көтерілген проблемалар бойынша ақпараттар беру және негізделген шешімдер қабылдау үшін міндетті түрде қатысуға тиіс атқарушы органдардың, басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларын, олардың лауазымды тұлғаларын шақырады;
      жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың (жиынның) күн тәртібі, өткізілетін уақыты мен орны туралы оны өткізуден кемінде 3 күн бұрын ақпарат жариялайды.

5. Жиналысты (жиынды) өткізу тәртібі

      12. Жиналыстың (жиынның) ашылуы қарсаңында онда отырғандар мен оған қатысушылардың (оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) мынадай мәліметтері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); туған күні мен жылы; лауазымы мен жұмыс орны (бар болған жағдайда); жиналысқа (жиынға) қатысушылар үшін тұрғылықты жері бойынша мекенжайы көрсетіле отырып, тіркеуден өткізіледі.
      Жиналысқа (жиынға) қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысқа (жиынға) қатысқан болып табылады.
      Жиналысқа (жиынға) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғалардың қатысуы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына немесе халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Жиналысты (жиынды) жүргізу үшін ашық дауыспен құрамында төраға, хатшы және үшке дейін мүшесі бар төралқа, дауыс беру нәтижесін анықтау үшін қажет болған жағдайда, - санақ комиссиясы сайланады.
      14. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады және қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауыс санымен бекітіледі.
      Жиналыс (жиын) жұмысының регламенті және дауыс беру тәртібі (ашық немесе жабық) қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауыс санымен айқындалады.
      15. Жиналыс (жиын) төрағасы жиналыс (жиын) жұмысын ұйымдастырады және оның өткізілу тәртібін қамтамасыз етеді.

6. Жиналыс (жиын) хаттамасы

      16. Жиналыста (жиында) хаттама жүргізіледі, онда жиналыстың (жиынның) өткізілу күні және орны, жиналысқа (жиынға) қатысушы азаматтардың жалпы саны, қатысқандардың саны, төрағаның, хатшының және санақ комиссиясы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (олардың бар болған жағдайында), күн тәртібі, шығып сөйлеушілердің сөздерінің мазмұны, дауыс берудің нәтижелері мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      17. Хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, жиналыс (жиын) төрағасы және хатшысы оның өткізілген күнінен үш күннен кешіктірмей қол қояды.

7. Жиналыстың (жиынның) құзыреті

      18. Жиналыс (жиын) құзыретіне жатады:
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көпшілік тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты реттелетін жергілікті маңыздағы мәселелерді қарау;
      мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының халықтың мүдделеріне қатысты тиісті аумақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруларына жәрдем жасау;
      жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) алға қойған проблемаларды шешу жөнінен тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініш жіберу;
      жергілікті қоғамдастық мүшелерінің аумақтарды абаттандыру жөніндегі жұмысқа қатысулары, аз қамтылған, ауру, мүгедек және қарт азаматтарға көмек көрсетулері жөніндегі және өзін-өзі басқару функциясын жүзеге асыратын органдар айқындаған басқа да мәселелерді қарау;
      жиналысқа (жиынға) қатысушылар тұратын аумаққа қатысты әкімшілік-аумақтық құрылыс өзгерістері туралы ұсыныс енгізу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуде өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

8. Жиналыс (жиын) шешімі

      19. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар оның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
      20. Шешім ашық немесе жабық дауыспен қабылданады.
      21. Шешім, егер оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысына (жиынына) қатысқандардың қарапайым көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда жиналыс (жиын) төрағасының пікірі шешуші болып табылады.
      22. Шешім хаттамамен рәсімделеді және мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі.
      23. Жиналыста (жиында) қабылданған шешім жиналыс (жиын) өткізілген аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жіберіледі.
      24. Қабылданған шешімге өзгерістер мен толықтырулар тек жиналыс (жиын) шешімімен енгізілуі мүмкін.
      25. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қоғамдастық мүшелері немесе басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары тәртібімен сәйкес оған шағым бере алады.

9. Жиналыс (жиын) қабылдаған шешімді
халыққа жария ету

      26. Жиналыс (жиын) шешімі жергілікті бұқаралық ақпарат қралдары мерзімдік баспасының таяудағы кезекті шығарылымында жариялануға жатады.

10. Жиналысты (жиынды) қаржыландыру

      27. Жиналысты (жиынды) дайындау және өткізуге байланысты шығындар тиісті жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.

11. Қорытынды ереже

      28. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың осы тәртібі еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына, олардың жарғылары мен ережелеріне сәйкес өткізілетін жиналыстарына таратылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады