Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 113 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 6917 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсанда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (әрі қарай - Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабымен белгіленген қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем мөлшерлемелері Қостанай облысы бойынша Салық кодексінің 495-бабы 3-тармағымен белгіленген және 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген мөлшерлемелерді және күл мен күлшлактарды орналастыру үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, бір жарым есеге көтерілсін.

      Салық кодексі 495-бабының 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген күл мен күлшлактарды орналастыруға мөлшерлемелер екі есеге көтерілсін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      қаржы басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ С. Аймұхамбетова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи

      ресурстар және табиғат пайдалануды

      реттеу басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ А. Маукұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________________ Е. Спанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады