2005 жылғы 23 наурыздағы № 306 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 ақпанда № 9-1-119 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 703 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 703 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылғы 23 наурыздағы № 306 "Кәсіби даярлау, біліктілікті  арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" (2005 жылғы 27 сәуірдегі 9-1-4 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген,  2005 жылғы 12 мамырдағы № 51 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығына :

       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті Уәкілетті орган көрсетеді және айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы бар жұмыссыздарға төленеді.";

       8-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын анықтамасы;";

       8-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      9) өтініш берушінің жұмысқа жарамды барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер";

       13-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тамақтануға - айына, тиісті жлға рспубликалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт алық есептік көрсеткіші;".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Ғ. Нұрмұхабетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады