Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Костанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2461 қаулысы. Қостанай облысы Костанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 ақпанда № 9-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 2570 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.12.24 № 2570 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес, қоса беріліп отырған Жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасасқан қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілі шартта көрсетілген талаптарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы өткізілсін.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Еңбекпен қамту" бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына, 2010 жылға Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде төленген, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік салыққа әлеуметтік аударымдарға және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемдік төлемдерге жұмыс берушілердің шығынын өтесін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Жүндібаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының
      әкімі                                      Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қостанай қалалық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  С. Шуменбаев

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қостанай перзентханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері        Т. Булгацевич

      "ДК-Мақсат" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры         В. Чикунов

      "Қостанай" халықаралық әуежайы"
      акционерлік қоғамының президенті           Ю. Ким

      "Көмек" қоғамдық қорының атқарушы
      директоры                                  Ю. Калюжный

Қостанай қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2461 қаулысымен қаулысымен
бекітілген       

2010 жылы жұмыссыздар мен толық емес жұмыс
уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен
көлемдері, ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс
көлемі,
сағат

1

2

3

4

1

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Тазалық 2000" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қала аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

79720

2

Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Учаскелер алаңын өлшеу, хабарламаларды, шақыру қағаздарды және ескерту қағаздарды беру, актілерді әзірлеу жұмыстарды жүргізуге алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

11958

3

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Теркомодағы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

"Текстильный", "Западный", "Элеваторный", "Южный" шағын аудандарының аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

39860

4

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Мәдениет және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Орталық сквер және қалалық саябақ аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

59790

5

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй-пайдалану қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

"Наурыз", "Қостанай-2", шағын аудандарындағы тұрғын секторының аумағын және подвал жайларын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

39860

6

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Стикс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қалалық зират аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

19930

7

"Қостанай облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Айналадағы аумақты абаттандыруға және
тұрғылықты мекені жоқ ауру азаматтарға қызмет етуге, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

5928

8

"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай перзентханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бас корпустың жайларын, шаруашылылық ғимаратын және оның айналасындағы аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

1976

9

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім және спорт бөлімінің Спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Аумақты абаттандыруға, жасыл екпелер мен гүлзарларды күтіп ұстауға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

2964

10

"ДК-Мақсат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"Қостанай-2", "Узкая колея", "Киевский" шағын аудандарындағы көшелерді және жалпы пайдалану жерлерін абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

49825

11

Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы

Жанар-жағар май қоймасының аумағын абаттандыруға, алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін көмек

19930

12

"Көмек" қоғамдық қоры

Алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, жүре біткен иммундық тапшылық синдромының алдын алу бойынша әлеуметтік жұмысы

19930

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады