Рудный қаласының әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тізімге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда № 9-2-125 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33–бабы 1-тармағы 13-тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Тізімге алыну жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Қорғаныс істері жөніндегі бөлім) әскерге шақыру учаскесінде 2009 жылғы қаңтар-наурызда тізімге алу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Горняцк поселкесінің әкімі және Қашар поселкесінің әкімі, меншік нысанына қарамастан, қала кәсіпорындарының, ұйымдарының барлық басшылары Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ер балаларды тізімге алу үшін әскерге шақыру учаскесіне ұйымдасқан түрде келуі үшін шаралар қолдансын.

      3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаржыландыруды жергілікті бюджеттен қарастырылып бөлінетін қаржы есебінен жүргізсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскелеріне тізімге алудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздеу және жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын.

      5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған жүктелімді қаланың оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны жөнінде хабарландыру берсін. Әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағдар беру мақсатында тізімге алу уақытында әр әскерге шақыру жасына дейінгілермен жеке әңгіме жүргізсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке және "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ. Шалтықовқа жүктелсін.

      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады