Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 368 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда № 9-2-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.02.2011 № 141 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде автолық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 19- баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының негізінде, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9243, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-92, 2008 жылғы 4 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған, әкімдіктің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 998 "Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 "Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-112, 2008 жылғы 19 тамызда "Рудненский рабочий" газетінде № 85 болып жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулықта:

      тақырыптағы "кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға" сөздері "кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар" сөздерімен ауыстырылсын;

      барлық мәтін бойынша:

      "бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау" сөздері "қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру" сөздерімен ауыстырылсын;

      "жұмыссыздарға", "жұмыссыздар", "жұмыссызды" сөздері тиісінше "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғанды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамды, сондай-ақ жұмыссызды" сөздерімен ауыстырылсын;

      4-тармақта "Қазақстан Республикасының" сөздерінен кейін "(бұдан әрі өтініш беруші)" сөздерімен толықтырылсын;

      9-тармақта:

      1)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

      "1) тұруға – оқу орнына дейін жүру үшін қалалық және қала маңындағы автокөлікпен тасымалдау қызметтерін пайдалану мүмкіндігі жоқ өтініш берушілер үшін арыз беру сәтіне Қостанай облысында белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын";

      2)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

      "2) тамақтануға – арыз беру сәтіне заңнамамен белгіленген үш айлық есептік көрсеткiші көлемінде ай сайын".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады