"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасы, 20-бабының 5-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 7, 8-тармақтарыныңнегізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көзі Рудный қаласының қалалық бюджеті болып белгіленсін.
2-1. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне делдалдық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджеті қаражатынан өтелетіні белгіленсін.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010.06.21 № 639 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде көрсетілген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері қосымшаға сәйкес тізбеде белгіленген кәсіпорындар көрсететін жұмыстар мен қызметтерге төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
5. Әкімдіктің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1253 "2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
7. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
ішкі істер Департаменті Рудный
қаласының ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В. Башков
"Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Қостанай облысы бойынша басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К. Бекмағамбетов
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Қостанай облысы бойынша салық
департаментінің Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Зикеев
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі
комитетінің Қостанай облысының соттар
әкімшісі" мемлекеттік мекемесінің
сот әкімшісі
Е. Даржибаев
"Қостанай облысының мемлекеттік
мұрағаты" "Рудный қалалық мемлекеттік
мұрағаты" мемлекеттік мекемесі
филиалының директоры
Қ. Тілеуова
Рудный қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 25 қарашадағы
№ 1315 қаулысымен бекітілді
Ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қоғамдық
жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес
жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған
жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010.06.21 № 639 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.07.27 № 733 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
№ |
Кәсіпорындардың |
Жұмыстардың |
Жұмыс- |
Жалақы |
1 |
Рудный қаласы |
Әртүрлі |
252 |
Ең аз |
2 |
"Қашар поселкесі |
Әртүрлі |
252 |
Ең аз |
3 |
"Қазақстан |
Әртүрлі |
1260 |
Ең аз |
4 |
"Қазақстан |
Әртүрлі |
1260 |
Ең аз |
5 |
"Қостанай облысы |
Әртүрлі |
1008 |
Ең аз |
6 |
"Қазақстан |
Әртүрлі |
2520 |
Ең аз |
7 |
"Қостанай облысы |
Әртүрлі |
252 |
Ең аз |
8 |
"Қазақстан |
Әртүрлі |
2470 |
Ең аз |
9 |
"Қостанай |
Құжаттарды |
246 |
Ең аз |
10 |
Рудный қаласы |
Қалалық |
1500 |
Ең аз |
11 |
Рудный қаласы |
Рудный |
3950 |
Ең аз |
12 |
Рудный қаласы |
Рудный |
10080 |
Ең аз |
13 |
"Качарец" пәтер |
Қашар |
2520 |
Ең аз |
14 |
"Рудный қаласы |
Әртүрлі |
85 адамкүн |
Ең аз |