Әкімдіктің 2009 жылғы 25 қарашадағы № 1315 "2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 639 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 шілдеде № 9-2-163 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасы, 20-бабының 5-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 7, 8, 11-тармақтарының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 25 қарашадағы № 1315 "2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-148, 2009 жылғы 25 желтоқсанда "Рудненский рабочий" жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мына мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне делдалдық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджеті қаражатынан өтелетіні белгіленсін.";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мөлшерінде:
      жолдың 4 бағанында, реттік нөмірі 8, "1230" саны "2470" санымен ауыстырылсын.
      2. Әкімдіктің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1823 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі нұсқаулық туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-97, 2008 жылғы 15 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы соты жанындағы
      сот әкімшілігі жөніндегі
      комитетінің Қостанай
      облысының соттар әкімшісі"
      мемлекеттік мекемесінің
      сот әкімшісі
      ____________Е. Даржибаев

      "Қылмыстық-атқару жүйесі
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ж. Қалмұратов

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Салық комитеті Қостанай
      облысы бойынша салық
      департаментінің Рудный
      қаласы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________О. Рабченюк

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер департаменті Рудный
      қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________Қ. Сатыбалдин

      "Қостанай облысының
      мемлекеттік мұрағаты"
      "Рудный қалалық
      мемлекеттік мұрағаты"
      мемлекеттік мекемесі
      филиалының меңгерушісі
      ___________Қ. Тілеуова

      "Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Қостанай облысы Әділет
      департаментінің Рудный
      қаласының әділет
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _________Р. Тұрлыбеков

      "Қостанай облысы Рудный
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Ғ. Шалтықов

      "Качарец" пәтер иелері
      тұтыну кооперативінің
      төрағасы
      ___________Д. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады