Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. 2009 жылғы қаңтар-наурызда Арқалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған, тіркеуге алынатын жылда 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскесіне бекітілген кестеге сәйкес тіркеуден өтуі үшін ұйымшылдықпен келуіне шаралар қабылдасын.
3. "Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тіркеу учаскесіне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
4. "Арқалық қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны қаржыландыруды, сондай-ақ қарастырылған қаржы бөлу шегінде қалалық бюджет есебінен емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексерулерді қамтамасыз етсін.
5. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына (келісім бойынша), "Арқалық қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығымен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етуіне, бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беруге ұсыныс жасаймын. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырушылармен әскери-оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жекелей әңгімелер еткізілсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Арқалық қаласының әкімі А. Мұхитбеков