Әкімдіктің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 "Кәсіпке даярлауға? біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда № 9-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012.08.03 № 370 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Жұмыссыздарды кәсіпке даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне" сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 "Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-1 нөмірімен тіркелген, "Торғай" қалалық апталық газетінде 2005 жылдың 13 мамырдағы 19 (41) - нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      10-тармаққа:
      1) тармақшасындағы "тұратын орнына - айына бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "тұратын орнына - айына үш айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшасындағы "тағамына - айына бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

      Арқалық қаласының әкімі                    Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Арқалық қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы          М. Сүлейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады