Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 168 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2009 жылғы 7 мамырда № 9-3-110 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысы негізінде, Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне, әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысын орындау үшін Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін, шақыру учаскесінің жұмысы 2009 жылғы сәуірден маусымға, қазаннан желтоқсанға дейінгі шақыруды ұйымдастыру кезеңіне оқу орындарынан техникалық қызметкерлерді қосымшаға сәйкес бөлсін.
      2. Ауыл және ауылдық округтері әкімдері шақырылушыларды әскери қызметке жіберу үшін барлық қажетті құжаттарымен шақыру және медициналық комиссияларға уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шақыру участкесіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелері мен техникалық қызметкерлер және қызмет көрсететін тұлғалар үшін, осы азаматтарды жіберген ұйымдарға еңбек ақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатыны еске алынсын.
      4. "Арқалық аумақтық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (М.C.Естаева) қалалық медициналық комиссияларды қажетті мөлшердегі дәрігер-мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, оның ішінде флюрографиялық пленкамен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      5. "Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Н. Сәндібеков келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсыныс жасасын:
      1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      2) қалалық шақыру пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырсын;
      3) шақырушыларды Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Қостанай қаласының жинақтау пунктіне жөнелту кезінде және темір жол вокзалында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
      4) әскер қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуге Арқалық қаласынан Қостанай қаласына апарып, алып келу үшін полиция қызметкерін бөлсін.
      6. "Арқалық қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (А.С. Мұхамбетжанова) хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және шақырылушыларды қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізсін, сонымен қатар көрсетілген іс-шараларды уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      7. Орындалған жұмыс туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2009 жылғы 2 шілдеге және 2010 жылғы 4 қаңтарға дейін берілсін.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекетке таратылады.

      Арқалық қаласының әкімі                    Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Арқалық аумақтық емхана"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  М. Естаева

      "Қостанай облысы Арқалық
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы    Ж. Құтаяқов

      "Арқалық қаласының ішкі істер
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Б. Сәндібеков



Арқалық қаласы әкімдігінің 
2009 жылғы 27 сәуірдегі    
№ 168 қаулысына қосымша    

Шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін
2009 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға, 1 қазаннан
31 желтоқсанға дейінгі кезеңіне техникалық
қызметкерлерді бөлетін оқу орындарының
ТІЗІМІ

1 сәуірден 30 сәуірге дейін
1 қазаннан 31 қазанға дейін:

      1. "Арқалық қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      2. "Арқалық қаласының білім бөлімінің экономикалық білім беретін лицейлік сыныптары бар № 2 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      3. "Арқалық қаласының білім бөлімінің Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.

1 мамардан 31 мамырға дейін
1 қарашадан 30 қарашаға дейін:

      1. "Арқалық қаласының білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      2. "Арқалық қаласының білім бөлімінің М. Ауезов атындағы № 5 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      3. "Арқалық қаласының білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы № 6 жалпы білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.

1 маусымнан 30 маусымға дейін
1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін:

      1. "Арқалық қаласының білім бөлімінің № 8 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      2. "Арқалық қаласының білім бөлімінің № 10 жалпы орта білім беретін профилді мектебі" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.
      3. "Арқалық қаласының білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған көп салалы жалпы орта білім беретін гимназия" мемлекеттік мекемесі - 1 адам.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады